Каспийде су астындағы талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату үшін теңіз іздестіру жұмыстары басталды
Теңізде іздестіру жұмыстары бір ай ішінде Ақтау жағалауынан Әзірбайжан жағындағы суасты кабелін төсеудің болжамды бағыты бойынша іске асады.
«Қазақтелеком» және AzerTelecom «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша суасты талшықты-оптикалық кабелін төсеуге дайындық шеңберінде Каспий теңізінде теңіз іздестіру жұмыстарының кезеңіне кірісті. Баутинодағы теңіз портынан Каспий түбінің рельефін зерттеуге арналған арнайы аспаптармен және техникалық құралдармен жабдықталған мамандандырылған кеме теңізге аттанды. Негізгі міндет — теңіз түбін, тереңдігін (батиметрия), су асты ағындарын, су астындағы жанартаулар мен жарықтарды зерттеу, жердің профилін, құрамы мен тығыздығын зерттеу, су астындағы заттарды анықтау, қауіпті жерлерді іздеу және тағы да басқа.
Теңізде іздестіру жұмыстары бір ай ішінде Ақтау жағалауынан Әзірбайжан жағындағы суасты кабелін төсеудің болжамды бағыты бойынша іске асады. Зерттеу жұмыстары Әзірбайжан және Қазақстан тараптарынан бір мезгілде іске асады. Халықаралық мамандар күрделі жабдықтар мен позициялау жүйелерін қолдана отырып, су асты бағытын егжей-тегжейлі зерделеуі керек. Алынған деректер суасты кабелін конфигурациялау және кабельдік жүйені төсеудің түпкілікті бағытын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
«Ағымдағы жылдың наурыз айында біз AzerTelecom және мердігерлермен бірлесіп, жағалау аймағындағы Ақтау және Сумгаит аудандарында камералдық іздестіру жұмыстарын (desktop study), сондай-ақ далалық іздестіру жұмыстарын жүргіздік, бұл жұмыстардың мақсаты — жағалау құдығын (beach manhole) және қажетті жағалау инфрақұрылымын (cable landing station) орналастыруға қолайлы орынды анықтау. Енді біз арнайы жабдықталған кемелердің көмегімен теңіз түбін зерттеуді бастадық. Зерттеулерден кейін біз Каспий түбіне кабельді дайындау, тасымалдау және төсеу кезеңін бастаймыз. Біз төсеп жатқан кабель Каспий теңізіндегі тарихтағы алғашқы суасты оптикалық желі болады, әрі ол Азия мен Еуропаны байланыстыратын өзіндік „телекоммуникациялық көпір“ қызметін атқарып, 400 Тбит/с-қа дейін жоғары жылдамдықпен деректерді беруді қамтамасыз етеді», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Айта кетейік, Транскаспий су асты оптикалық магистралін 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Азиядан Еуропаға Әзірбайжан мен Қазақстан аумағы арқылы ақпараттық ағындарды өткізу үшін жаңа бағыт құру өңірдің алдында цифрлық экономиканың өсуі мен оның ірі технологиялық орталық ретіндегі рөлін нығайту үшін елеулі перспективалар ашады. Бұл жобаны іске асыру қатысушы елдер мен олардың компанияларының телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі кеңейту үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа ауқымды бастамаларды іске қосу үшін де негіз жасайды. Нәтижесінде бұл өңірлік әріптестікті тереңдетуге мүмкіндік береді және Қазақстан мен Әзірбайжанның тұрақты дамуының маңызды драйвері болады», — деп толықтырды Бағдат Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, ынтымақтастық аясында 2023 жылдың тамызында компаниялар желіні салуға және пайдалануға жауапты бірлескен кәсіпорын құрды. Су асты жүйелеріне арналған сенімді және инновациялық шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушісі кабельді төсеумен айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, ынтымақтастық аясында 2023 жылдың тамыз айында «Қазақтелеком» және AzerTelecom желіні салу және пайдалану үшін жауапты бірлескен кәсіпорын құрды. Кабельді төсеумен суасты жүйелеріне арналған сенімді және инновациялық шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушісі айналысады.