Алматыда полиция тұрғыннан SIM-box тәркіледі

Алматы қаласында Алматы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ және Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп арнайы іс-шара жүргізіп, интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған SIM-box құрылғысын анықтады және тәркіледі.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Іс-шара нәтижесінде интернет-трафикті заңсыз бағыттау мақсатында жаппай сим-карталарды пайдалану арқылы қылмыстық тізбекті ұйымдастырған жас жігіт ұсталды. Тергеу деректері бойынша, ол жабық интернет-қоғамдастықтан нұсқаулар алып, криптовалюта түрінде ақы алып отырған. Құрылғы тәркіленді, тексеру жұмыстары жалғасуда.

«SIM-box құрылғыларын пайдалану — алаяқтар жиі қолданатын техникалық әдістердің бірі. Бұл құрылғылар нөмірді жасыруға, қоңырауларды бұрмалауға және фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік береді. Мұндай әрекеттер азаматтарды шатастырып, қаскөйлер, өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді алдап алуға жағдай жасайды. Осындай алаяқтық тізбектердің жолын кесу — біздің негізгі міндеттеріміздің бірі», — деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Жедел-іздестіру шаралары аясында бұл қылмыстық тізбекке қатысы бар басқа адамдарды анықтау және осыған ұқсас деректерді әшкерелеу жұмыстары жалғасуда. Полиция азаматтарды мұқият болуға, жеке деректерді телефон арқылы бермеуге және күмәнді жағдайларда бірден 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.