Следите за новостями

Цифра дня

89,1% — уровень цифровой грамотности населения РК в возрасте от 6 лет

    Тәжікстан Республикасы ІІМ делегациясы Астанадағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да цифрлық шешімдермен танысты

    Оларға орталықтағы қызмет көрсету барысы — QR-код арқылы талон алуданбастап,дайын құжат алу кезіндегі биометриялық сәйкестендіруге дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

    7 августа 2025 16:25, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің делегациясы ресми сапармен Астана қаласындағы № 1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Сапар барысында қонақтармемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағыты бойынша Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстармен, сондай-ақ, көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру үдерісімен танысты.

    Делегация құрамында Тәжікстан ІІМ-нің алты өкілі болды. Оларға орталықтағы қызмет көрсету барысы — QR-код арқылы талон алуданбастап, дайын құжат алу кезіндегі биометриялық сәйкестендіруге дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

    Қонақтар орталықтағы қызметтердің жоғары деңгейде автоматтандырылғанына ерекше назар аударды. Цифрлық шешімдер азаматтардың уақытын үнемдеуге, ашықтықты қамтамасыз етуге және қызмет алу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, Тәжікстан ІІМ-нің өкілдері онлайн қызметтердің мүмкіндіктерімен танысып, олардың азаматтар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы екенін атап өтті. Мәселен, құжаттарды алу процесіне биометрияны енгізу мен электронды кезек жүйесі арқылы азамат ағынын тиімді бөлу сынды шешімдер қызығушылық тудырды.

    «Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың қалай жүзеге асырылып жатқанын көріп, үлкен әсер алдық. Кеңістіктің ұйымдастырылуынан бастап, азаматтармен қарым-қатынасқа дейінгі барлық қадамдар мұқият ойластырылған. Мұндай тәжірибе біз үшін де пайдалы болмақ», — деп атап өтті Тәжікстан ІІМ делегациясының мүшесі.

    Сапар соңында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.