Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді Elicense.kz порталында ресімдеуге болады
Лицензияны ресімдеу — Қазақстан аумағында өндірілген белгілі бір санаттағы шикізатты заңды түрде экспорттаудың міндетті шарты болып табылады.
Elicense.kz порталында заңды тұлғаларға арналған отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия алуға арналғанжаңа қызмет іске қосылды. Қызмет автоматтандырылған және кәсіпкерлерге өтінімді толығымен онлайн режимде беруге мүмкіндік береді.
Лицензияны ресімдеу — Қазақстан аумағында өндірілген белгілі бір санаттағы шикізатты заңды түрде экспорттаудың міндетті шарты болып табылады. Бұл жаңалық өтінім беруді және оның орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді.
Өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Дайын лицензия Elicense.kz порталындағы жеке кабинетте «Рұқсаттар» бөлімінде көрсетіледі. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, негіздемесі бар ақпарат «Менің өтінімдерім» бөлімінде көрсетіледі. Қызмет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды тұлғаларға қолжетімді.
Лицензия бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері — 10 АЕК. Төлем екінші деңгейдегі банк арқылы заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органының шотына жүргізіледі.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігініңбірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.