Следите за новостями

Цифра дня

152 заявки подано в рамках Digital Nomad Visa

    Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздері секторында 9 жоба іске қосылмақ

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі экологиялық тұрақты болашаққа бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.

    26 июня 2025 19:13, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазір елімізде жалпы қуаты 3 ГВт-тан асатын 156 жаңартылатын энергия объектісі жұмыс істеп тұр. 2025 жылы ЖЭК үлесін 6%-ға, 2030 жылы 15%-ға жеткізу жоспарда бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 7,5 млрд КВт сағат ЖЭК өндірілді. Ол жалпы, энергия көздерінің 6,4%-на тең. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ брифингінде хабарлады.

    Былтыр бұл бағытта 8 жоба іске қосылса, биыл көлемі 455 МВт-қа тең тағы 9 жоба іске қосылады.

    «Жалпы, бұл саланы дамытуды эволюциялық түрде жасап келе жатырмыз. 2009 жылы бірінші заң қабылданса, 2014 жылы тиісті орталық электроэнергияны, жаңартылған энергия көздерін сатып алу жүйесі құрылып, жобалар іске қосыла бастады. 2018 жылы үлкен реформа болып, аукцион механизміне ауыстық. Соңғы 7 жылда аукцион механизміне 260-тан астам компания қатысып, әлемдегі 14 дамыған мемлекеттің компаниялары оған қатысып жатыр. Әсіресе, Қытай компаниялары белсенділік танытуда», — деді спикер.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.