Төлем карточкалары және банк көрсететін электронды қызметтер
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды 17 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.
Аталған ұйымдар келесі халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратумен айналысады: VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International, және Kaspi.kz жергілікті жүйенің төлем карточкаларын шығарады. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 81,2 млн. жетті. Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 80,6%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі — 15,7%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне сәйкесінше 3,7% тиеді.
2025 жылдың мамыр айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген транзакциялардың көлемі 18,1 трлн теңгеге жетіп, транзакциялар саны 1,3 млрд бірлікті құрады. Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 11,9% өсіп, 1,2 млрд құрады және көлемі 18,7% өсіп 15,7 трлн тенге құрады. Төлем карточкаларын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 20,8 млн бірлікті, көлемі 2,3 трлн теңгені құрады. 2024 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда ақша шешу операцияларының саны 0,7%-ға түсіп, көлемі 11,4%-ға артты.
Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 81,1% және 90,3%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 18,8% және 9,4%) арқылы жүргізілді. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 98,4% және 86,1%).