Следите за новостями

Цифра дня

152 заявки подано в рамках Digital Nomad Visa

    Қазақстанда цифрлық теңге жобасы аясында алғашқы жол жобасы аяқталып, қолданысқа берілді

    Павлодар облысында цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық бағдарлама аясында алғашқы жол жобасы сәтті аяқталды.

    27 июня 2025 09:37, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жоба жұмыстары «РФ шекарасы (Омбыға) — Майқапшағай» автожолының 383-390 шақырым аралығындағы 7 шақырымдық учаскеде жүргізілді. Аталған автожол I техникалық санатқа жатады. Бұл учаскеде соңғы жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген болатын.

    Орташа жөндеу аясында келесі жұмыстар атқарылды:

    — 128 800 м² ауданда ескі жабын жонылды;
    — 128 800 м² ауданда жаңа үстіңгі қабат төселді;
    — 35 000 м² ауданда жол жиегі нығайтылды;
    — 14 шақырымда жол таңбалары салынды.

    Техникалық сипаттамаға сәйкес барлық орындалған жұмыс көлемі «eQurylys» ақпараттық жүйесінде тіркеліп, жобаның жүзеге асырылу барысына толық ашықтық пен цифрлық бақылау қамтамасыз етілді. Жоба аясында барлық жұмыстар сәтті аяқталып, жол пайдалануға берілді. Оның жүзеге асырылуы жол инфрақұрылымының нормативтік жағдайын сақтауға, сондай-ақ жол пайдаланушыларға қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.