Women ICT Frontier Initiative DX бағдарламасы Алматыда сәтті аяқталды
Бағдарлама әйел-кәсіпкерлерді өз бизнесіне технологияларды, автоматтандыруды және басқа да цифрлық үдерістерді енгізу үшін қажетті цифрлық дағдыларға үйретеді.
Алматыда үш күнге созылған «Women ICT Frontier Initiative (WIFI) DX» оқыту тренингі өз мәресіне жетті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірінің АКТ бойынша оқу орталығы (APCICT), Women in Tech Kazakhstan, She Business Community, Women in Business қауымдастықтары және Банк ЦентрКредиттің Business Aru бағдарламасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Бағдарлама әйел-кәсіпкерлерді өз бизнесіне технологияларды, автоматтандыруды және басқа да цифрлық үдерістерді енгізу үшін қажетті цифрлық дағдыларға үйретеді. Бұл мақсатта Алматыға БҰҰ өкілдері мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан APCICT тренерлері келді.
Іс-шараға өз ісін цифрлық трансформациялауды жоспарлап жүрген кәсіпкер әйелдерден 50-ге жуық өтінім түсті. Қатысушылар электрондық коммерция, цифрлық маркетинг және деректерді талдау бойынша білім алды. Олардың көпшілігі тренер сертификаттарын алып, алған білімдерін басқаларға тегін түрде тарата алады. Осылайша бағдарлама Қазақстан бойынша кеңінен таралып, жылына бірнеше мың кәсіпкер әйелді қамтиды деп күтілуде.
Бағдарлама Банк ЦентрКредиттің қолдауымен орыс және қазақ тілдеріне аударылып, бейімделетін болады. Оқу барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.