Следите за новостями

Цифра дня

350 млрд тг — объем оказанных услуг связи в РК в январе-марте 2025 года

    Орталық Еуразия стартаптарына арналған жаһандық мүмкіндік: Silkway Accelerator бағдарламасына өтінім қабылдау ашық

    Өтінімдер 2 маусымға дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.

    8 мая 2025 13:07, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Astana Hub пен Google for Startups бірлесіп жүзеге асыратын Silkway Accelerator бағдарламасының алтыншы легіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Бағдарлама — Орталық Азиядағы өсу кезеңіндегі технологиялық стартаптарға арналған жетекші акселераторлардың бірі. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия командалары қатыса алады.

    Silkway Accelerator үш жыл ішінде 1300-ге жуық өтінім қабылдады. Олардың ішінен 62 стартап іріктеліп, бағдарламаны сәтті аяқтады. Бұл жобалар $28 млн астам инвестиция тартып, түлектерінің жалпы нарықтық бағасы $500 млн асты. Олар өз қызметін БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа да елдердің нарықтарына шығарды. Жемісті жобалар қатарында Zypl.ai, Arlan Biotech, NB Fit, UvU, ApartX, Biometric, ZebraEye, Alaqan және басқалары бар.

    «Silkway Accelerator қатысушылары әлемдік деңгейдегі менторлармен, сарапшылармен және инвесторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ олар мықты халықаралық қауымдастықтың мүшесіне айналып, өнімін дамытуға толықтай назар аударады. Командалар күнделікті гипотезаларды тексеріп, көрсеткіштерін жақсартып, жаңа деңгейге көтеріледі. Алтыншы лекке қатысушылар Astana Hub Ventures тарапынан инвестиция алуға үміткер бола алады. Бағдарламаның басты ерекшелігі — Digital Bridge 2025 форумында өтетін Demo Day. Бұл іс-шарада стартаптар өз жетістіктерін инвесторлар мен технологиялық экожүйе өкілдеріне таныстырады», — деді Ербол Ахметов, Astana Hub бизнес бағдарламалар офисінің директоры.

    Бағдарламаға өнімін нарыққа шығарған, PMF немесе Scale сатысындағы және Астанада 12 апта бойы қарқынды жұмыс істеуге дайын технологиялық стартаптар қатыса алады. Оларға интенсивті трекинг, тегін кеңсе мен коливингте тұру, менторлық қолдау, халықаралық қауымдастыққа жол ашу, PR-сүйемелдеу және инвестициялық мүмкіндіктер ұсынылады.

    Қазақстан — Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге Орталық Азияда акселератор жүргізетін алғашқы және әзірге жалғыз мемлекет.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.