Әділет министрлігі цифрландыру жобаларында жасанды интеллектіні белсенді пайдаланып жатыр
Әділет министрлігінің «Digital Justice» жобалар портфелі аясында негізгі қызметті цифрландыру бойынша бірқатар шара қабылданды.
Олар азаматтардың уақыты мен қаржылық шығындарын үнемдей отырып, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, ZanKomegi мобильдік қосымшасы негізінде азаматтарға құқықтық кеңес берумен қамтамасыз ететін жасанды интеллектісі бар чат-бот әзірленді. Қазіргі уақытта ол сынақтан өткізіліп, қосымша жетілдіруден өтуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ брифингінде айтты.
Оның айтуынша, әр азамат өзінің телефонында жеке заңгер кеңесшісі қызмет етеді. Әділет министрлігінің жетекшілігімен құқықтық түсіндіру және заң шығару саласында жасанды интеллекті дамыту бойынша келісімдер жасалды. Бұл жобаны бюджет қаражатынсыз жүзеге асыру үшін IT-компаниялар мен жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды.
«ZanBar және iPrav қосымшаларында адвокаттар мен заңгерлердің рейтингі жұмыс істейді. Онда объективтілікті арттыру мақсатында E-ZanKomegi-не интеграциялау жоспарлануда. Ғылым комитетімен бірлесіп, заң шығару саласындағы ғылыми гранттардың жеңімпаздарымен ынтымақтастық жасалуда. Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілердің заң техникасын тексеруге арналған ЖИ әзірленді. Жобаны жүзеге асыру осы жылдың жазына жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді спикер.
Өткен жылдың тамыз айында іске қосылған «Робот сот орындаушысы» жүйесі 500 — ге жуық іс бойынша 600 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді. Жылдық үнемдеу 5 млрд теңгеге дейін жетеді. Бүгінде «Робот сот орындаушысы» арқылы өндіріп алу сомасын 20-дан 40 АЕК-ке дейін арттыру жоспарда бар. Сондай-ақ ведомство бастамашылық еткен «Цифрлық нотариат» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Бірқатар нотариаттық қызмет онлайн форматқа ауыстырылды. Олар: сенімхаттар, кеңестер алу және жұбайлардың келісімі. Азаматтар бұл қызметтерді нотариусқа бармай-ақ, бейнеқоңырау арқылы онлайн алуына болады. Іске қосылғаннан бері бұл қызметті 240 мың азамат пайдаланды. Оның 170 мыңнан астамы цифрлық сенімхат және шамамен 70 мың жұбайлар келісімі рәсімделді. Қазіргі уақытта әділет органдары онлайн режимде келісімдерді куәландыру және нотариустардың онлайн кеңестерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде.