Следите за новостями

Цифра дня

1,4 млн казахстанцев воспользовались функцией «СТОП-кредит» в eGov

    Цифрлық төлемдердің әлемдік көшбасшысы Visa Орталық Азия аймағына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлады

    Visa компаниясы бүгін Санжар Сүлеймановтың Орталық Азия бойынша вице-президент және аймақтық менеджер болып тағайындалғанын хабарлады.

    6 марта 2025 15:34, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жаңа рөлінде Санжар инновациялық шешімдер мен цифрлық төлемдерді кеңейтуге, сондай-ақ Visa серіктестері — банктерге, кәсіпкерлерге және карта иелеріне жеткізетін құндылықты арттыруға баса назар аудара отырып, аймақтағы Visa бизнесін басқарады.

    Санжар Visa компаниясына 2020 жылы Орталық Азиядағы Visa Direct директоры ретінде қосылды. 2023 жылы ол Украинада, Грузияда, ТМД елдерінде және Оңтүстік-Шығыс Еуропада Visa Direct жүйесін дамытуды қадағалай бастады. Visa-ға келгенге дейін Санжар 15 жылдан астам уақытын банк саласында және консалтингте өткізді, Альфа-Банк Қазақстан, Qazkom Bank, KPMG, Қазақстан Сбербанк және HSBC сияқты ұйымдарда бизнесті дамыту, корпоративтік қаржы, жобалар мен өнімді басқару салаларында қызмет атқарған.

    «Біз Санжардың Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы вице-президенті және аймақтық менеджері болып тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымыз. Қаржы саласында он бес жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде Visa-да бес жыл тәжірибесі бар Санжар өңірде қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуға және озық технологияларды енгізуге елеулі үлес қосады. Visa Орталық Азия нарығында цифрлық төлемдер мен инновацияларды белсенді түрде ілгерілетумен 30 жылдан астам жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде біз тек аймақта ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде озық шешімдерді енгізетін дарынды мамандар командасын құрдық», — деді Кристина Дорош, аға вице-президент және CISSEE (ТМД, Орталық Азия, Украина, Грузия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа) аймағындағы Visa бойынша аймақтық менеджер.

    «Көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін және өңірімізде цифрлық төлемдерді одан әрі дамытуға ден қойдым. Орталық Азия төлем технологиялары мен қаржы секторының эволюциясы тұрғысынан бірегей мүмкіндіктерге ие. Біз ұжыммен бірге жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем шешімдерін ұсына отырып, инновацияларды жалғастырамыз, сол арқылы қолма-қол ақшасыз экономиканың өсуіне үлес қосамыз», — деді Санжар Сүлейманов, вице-президент, Орталық Азиядағы Visa бойынша аймақтық менеджер.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.