Төлем карточкалары және банк көрсететін электронды қызметтер
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды 17 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.
Аталған ұйымдар келесі халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарып, таратумен айналысады: VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International, және Kaspi.kz жергілікті жүйенің төлем карточкаларын шығарады.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 83,6 млн. жетті. Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 82,0%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі — 15,1%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне сәйкесінше 2,8% тиеді.
2025 жылдың қаңтар айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген транзакциялардың көлемі 14,9 трлн теңгеге жетіп, транзакциялар саны 1 012,7 млн бірлікті құрады.
Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 18,1% өсіп, 995,1 млн құрады және көлемі 28,2% өсіп 12,9 трлн тенге құрады. Төлем карточкаларын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 17,6 млн бірлікті, көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. 2024 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда ақша шешу операцияларының саны 10,5%-ға түсіп, көлемі 5,9%-ға артты.
Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 79,8% және 89,4%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 20,1% және 10,2%) арқылы жүргізілді. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 98,0% және 84,6%).