Следите за новостями

Цифра дня

$10,6 млрд транзакций цифровых активов в контуре МФЦА по итогам 2025 г.

    KAZAKH INVEST және Tamasuk Holding инфрақұрылым, логистика және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты талқылады

    «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Қабдрашитов Сауд Арабиясының Tamasuk Holding компаниясының төрағасы Фарес Аль-Балвимен кездесті.

    8 октября 2026 13:47, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Тараптар инфрақұрылым, логистика және жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Азат Қабдрашитов Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен инвесторларға көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтып берді.

    Tamasuk компаниясы 2018 жылы Эр-Рияд қаласында құрылған. Компания мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) форматында энергетика және коммуналдық қызметтер, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым салаларында жобаларды іске асырады. Басқаруындағы капитал көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Компания Сауд Арабиясындағы алғашқы гиперауқымды деректерді өңдеу орталықтарын дамытуда.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.