Қазақстанда CDIO бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі алғаш рет өтіп жатыр

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде CDIO дүниежүзілік бастамасының Азиялық өңірлік кездесуі – CDIO Asian Regional Meeting 2026 өтіп жатыр.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық іс-шараға 15 елдің жоғары оқу орындары мен сарапшылық қауымдастығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Сингапур, Швеция, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Үндістан, Малайзия, Вьетнам, Өзбекстан және Әзербайжанның өкілдері бар. Биылғы кездесудің негізгі тақырыбы — «Жаңа буын инженериясы: академиялық орта, индустрия және жасанды интеллектінің жаңа үштағаны».

Іс-шара аясында инженерлік білім беру бағдарламаларын жаңарту, жобалық және тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ болашақ инженерлерді даярлауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.

CDIO тәсілі инженерлерді өнімнің толық өмірлік циклі — идеяны қалыптастыру, жобалау, іске асыру және пайдалану кезеңдері бойынша даярлауға бағытталған. Бұл модель іргелі білім мен кәсіби дағдыларды, жобалық және командалық жұмысты, сондай-ақ нақты өндірістік міндеттерді шешу тәжірибесін өзара байланыстырады. Осы тұрғыдан алғанда халықаралық тәжірибені енгізу Қазақстандағы инженерлік білім берудің ұлттық моделін дамытуға және оның еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін арттыруға мүмкіндік береді.

CDIO дүниежүзілік бастамасының бірлескен директоры, Турку қолданбалы ғылымдар университетінің проректоры Юха Контио инженерлік білім берудегі заманауи тәсілдер мен CDIO бастамасының даму кезеңдері туралы баяндады.

«CDIO даму барысында іргелі білімді жобалық және тәжірибелік қызметпен ұштастыратын инженерлік білім беруді жаңғыртудың халықаралық алаңына айналды. Бүгінгі басты міндеттердің бірі — жасанды интеллектіні инженерлер даярлау үдерісіне тиімді әрі жауапкершілікпен енгізу», — деді Юха Контио.

Кездесу бағдарламасына пленарлық отырыстар, сараптамалық сессиялар, дөңгелек үстелдер және практикалық семинарлар енгізілген. Қатысушылар инженерлік білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, индустриялық серіктестермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде жауапкершілікпен қолдану мәселелерін талқылады.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті — Қазақстандағы CDIO дүниежүзілік бастамасының толыққанды мүшесі мәртебесіне ие жалғыз жоғары оқу орны. CDIO Asian Regional Meeting 2026 кездесуінің Қазақстанда алғаш рет өткізілуі отандық жоғары оқу орындарының халықаралық инженерлік білім беру қауымдастығымен байланысын кеңейтуге және заманауи инженерлік кадрларды даярлау тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.