Следите за новостями

Цифра дня

9 спутников — Казахстан создаст международную группировку к 2030 году

    ҚР ІІМ Камбоджа ІІМ делегациясына заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды

    Кездесу тәжірибе алмасу, екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылау үшін маңызды алаң болды.

    7 сентября 2026 11:08, Profit.kz
    Рубрики:

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Камбоджа Ішкі істер министрлігінің делегациясына ішкі істер органдарының қызметінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер мен инновациялық технологиялар таныстырылды.

    Шетелдік әріптестерге смарт-бейдждер, роботтандырылған кешендер, оның ішінде робот-ит, сондай-ақ ел полициясына енгізілген өзге де әзірлемелер көрсетілді.

    Қонақтарға қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және оларды ашуда, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.

    Іс-шара барысында оқиғаларға жедел ден қоюға, келіп түсетін ақпаратты талдауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылды.

    Заманауи технологияларды енгізу — Ішкі істер министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыт «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.