Қазақстанда аккредиттеу цифровизациялануда

Қазақстандағы зертханалар, сертификаттау және инспекциялық ұйымдар міндетті бағалаудың бір бөлігін қашықтан өте бастады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

ҚР СИМ ТКРМ Ұлттық аккредиттеу орталығы 32 қашықтан бағалау жүргізіп, цифрлық формат процедуралардың жоғары деңгейдегі объективтілігін, тәуелсіздігін және сапасын сақтауға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Қашықтан бағалауға өту ұлттық аккредиттеу жүйесін цифровизациялаудың кезекті кезеңі болды. Жаңа механизм бизнес үшін уақыт пен ұйымдастырушылық шығындарды азайтады, әкімшілік жүктемені төмендетеді және мемлекеттік ресурстарды тиімдірек пайдалануға ықпал етеді. Бұл ретте аккредиттеудің тәуелсіздік, құзыреттілік және нәтижелердің шынайылығы сияқты негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалады.

Сарапшылар атап өткендей, 2026 жылы қашықтан бағалау екінші жоспарлы бағалау кезінде пилоттық режимде жүргізіледі. Ал 2027 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығы бұл тәжірибені кеңейтіп, қашықтан бағалау форматын барлық жоспарлы бағалауларға таратуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, бағалауды қашықтық форматында жүргізу міндетті болып табылмайды. Мұндай механизм белгіленген критерийлерге сәйкес келетін және қашықтан өзара әрекеттесу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері бар аккредиттеу субъектілеріне қатысты ғана қолданылады.

Жаңа форматты енгізу үшін Орталық әдістемелік құжаттар топтамасын әзірледі, оның ішінде «Қашықтан бағалау» жұмыс нұсқаулығы, бағалаушыларға арналған ұсынымдар және аккредиттеу субъектілеріне арналған кері байланыс сауалнамасы бар. Бұл қашықтан бағалауды жүргізуге бірыңғай, ашық әрі түсінікті тәсілді қамтамасыз етуге, сондай-ақ іс-тәжірибе мен процесс қатысушыларының кері байланысын ескере отырып, механизмді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.