Следите за новостями

Цифра дня

39 млн безналичных операций на 509 млрд тг совершают казахстанцы ежедневно

    Қазақстан мен Роскосмос «Бәйтерек» жобасын дамытудың жаңа кезеңі туралы келісті

    Жаслан Мәдиев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесу өткізді.

    15 июля 2026 15:07, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тараптар «Бәйтерек» бірлескен қазақстандық-ресейлік жобасының іске асырылу барысын талқылап, 2026 жылғы 30 сәуірде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен SUNKAR/«Союз-5» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ ұшырылымының сәтті өткенін атап өтті.

    Сонымен қатар, жобаны одан әрі іске асырудың өзекті мәселелері, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның шешімдері мен тапсырмаларын орындау, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамыту және ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың болашағы қарастырылды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.