Следите за новостями

Цифра дня

21% предприятий в обрабатывающем секторе используют цифровые инструменты

    Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты.

    14 июля 2026 09:33, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі — 9,8 пайызға, көлік саласы — 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. Сондай-ақ сауда-саттықта — 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында — 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды.

    Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт болатын инфрақұрылым жасақталатынын айтты. Шетелден тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты.

    Мемлекет басшысына туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді. Алматы тау кластерін дамыту туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырады. Almaty SuperSki жобасының құрылысы жандана түсті: 60 шақырым трасса құрылысы аяқталғанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Еліміз «Болашақ ойындары-2026» жарыстарын өткізуге дайын.

    Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды. Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Алатау қаласын қарқынды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды тапсырды. Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алу міндеті жүктелді. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.