Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

AI Opportunity Partnership серіктес елдердің жасанды интеллектті дамытуға қатысты ортақ тәсілдерін бекітеді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан жасанды интеллект, технологиялық прогресс және экономикалық қауіпсіздік саласындағы сенімді халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған AI Opportunity Partnership бірлескен мәлімдемесіне қосылды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

AI Opportunity Partnership серіктес елдердің жасанды интеллектті дамытуға қатысты ортақ тәсілдерін бекітеді. Оған инновациялық реттеу, кәсіпкерлер мен стартаптарға қолдау көрсету, ғылыми-зерттеу және R& D тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту, жеке инвестицияларды тарту, есептеу инфрақұрылымына қолжетімділікті кеңейту және сенімді AI-экожүйелерін құру кіреді.

Құжатта жасанды интеллекттің физикалық негізіне яғни маңызды минералдар, энергетика, деректер орталықтары, есептеу қуаттары, жартылай өткізгіштер, инженерлік кадрлар және тұрақты жеткізу тізбегіне ерекше назар аударылған.

Қазақстан үшін бұл серіктестікке қатысу AI-инфрақұрылымына инвестиция тарту, маңызды минералдарды өңдеуді дамыту, инженерлік және AI-кадрларын даярлау, бірлескен зерттеу жобаларын іске қосу және еліміздің жаңа технологиялық экономикадағы рөлін күшейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — жасанды интеллект негізіндегі инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге қосымша мүмкіндіктер ашатын, ашық және жабық үлгідегі озық AI-модельдерге қолжетімділікті кеңейту болмақ.

AI Opportunity Partnership-ке қосылуы Қазақстанның өз AI-инфрақұрылымын, технологиялық кәсіпкерлікті және маңызды технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытына толық сәйкес келеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.