Следите за новостями

Цифра дня

1,4 млн казахстанцев воспользовались функцией «СТОП-кредит» в eGov

    Премьер-министр коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау жүйесін цифрландыруды тапсырды

    Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

    27 марта 2025 09:29, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі шамалы, небәрі 11%-ды құрайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80%-ға жетеді. Сонымен қатар кен орындарындағы үйінділердің құрамында бағалы және сирек кездесетін металл қоспалары бар. Оларды алу үшін тиімді жаңа технологияларды қолдану қажет. Энергетика кәсіпорындарының күл үйінділері де көбейіп барады. Барлық қалдықтарды тиімді басқарудың айқын жүйесін жасап, оны цифрландыру қажет. Дұрыс тәсілдерді қолдану арқылы қалдықтарды жойып қана қоймай, олар өңделіп, қайтадан кәдеге жаратылуға тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Экология, Өнеркәсіп, Энергетика және Цифрландыру министрліктеріне коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару, мониторинг жасау және бақылау саласында цифрлық шешімдер әзірлеу тапсырылды.

    Премьер-министр бүгінде отандық тау-кен компаниялары қалдықтарды қайта өңдеп, оның ішінде құрылыс материалдары мен тыңайтқыштар және басқа да 30-ға жуық өнім түрін шығаратын жобаларды бастағанын атап өтті.

    Сонымен қатар, Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталған қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

    Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін металдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

    Экология, Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.