Следите за новостями

Цифра дня

744 млрд тенге — выручка Казахтелеком в 2024 г.

    Қазақстанда отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты талдау үшін цифрлық платформа іске қоссылады

    Қазақстанның Ішкі істер министрлігі отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша талдамалық жұмыс жүргізуге көмектесетін цифрлық платформа құруды жоспарлап отыр.

    14 февраля 2025 13:43, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

    «Отбасылық зорлық-зомбылық тенденцияларын талдауға және болжауға, бөлімшелер жұмысының тиімділігіне мониторинг жүргізуге, алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес стратегиясын жедел түзетуге мүмкіндік беретін цифрлық платформа құрылады», — деді ол.

    Сондай-ақ спикер елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша қоғамдық науқандар белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мәселені және оның шешімдерін барынша жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғаммен және қоғам қайраткерлерімен жұмыс жүргізілуде.

    Сонымен қатар жастар мен ата-аналарға отбасындағы агрессияның алдын алу бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.