Следите за новостями

Цифра дня

1,4 млн казахстанцев воспользовались функцией «СТОП-кредит» в eGov

    Алматы прокуратурасы мен MT-S (Tele2/Altel) цифрлық қауіпсіздік саласында бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойды

    Меморандум кәмелетке толмағандарды зиянды контент пен интернет-қауіптерден қорғауға бағытталған.

    7 марта 2025 10:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Алматыда қала прокуратурасы мен MT-S (Tele2/Altel) компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Жасалған келісім цифрлық қауіпсіздікті дамытудағы және профилактиканың заманауи құралдарын енгізудегі маңызды қадам болды.

    Қала прокуроры Серік Кәріпбеков, бұл саладағы тиімді серіктестік азаматтарды қорғаудың сенімді тетіктерін қалыптастыруға және киберқауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Тараптар қауіпсіз цифрлық кеңістікті құруға ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге белсенді түрде жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

    Сондай-ақ, қол қою рәсіміне бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қатысты. Аталған меморандум цифрлық дәуірде азаматтарды қорғаудың сенімді жүйесін құру жолындағы қадам болды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.