ҚР Әділет министрлігінің өкілі «Е-заң көмегі» цифрлық жобасы туралы айтты
Бұл жүйе адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған.
ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтты. Бекболат Молдабековтің хабарлауынша, азаматтарға «Е-заң көмегі» жүйесі арқылы көрсетілетін құқықтық қолдау процестерін автоматтандыруға баса назар аударылады.
«Е-заң көмегі» — бұл мобильді жүйе және оны жүктеп алуға кеңес береміз. Биыл оған көптеген пайдалы дүниені қосамыз. Бүгінде оператормен бейнеқоңырау, аудиоқоңырау арқылы тегін байланысуға болады. Оператор — кез келген сұраққа жауап беріп, түсіндіре алатын әділет жүйесінің қызметкері. Қазіргі уақытта 7075 пайдаланушы бар, бірақ олардың саны одан да көп болатынына сенемін», — деп атап өтті спикер.
Жалпы, вице-министр түсіндіргендей, жүйе азаматтарға 24/7 режимінде көкейіндегі құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.