Следите за новостями

Цифра дня

До 20% от всего глобального венчурного капитала в ЦА приходится на долю РК

    Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік: жаңа технологиялардың жаңа қауіптері

    31 қаңтар – 1 ақпан күндері Алматыда Digital Almaty форумы өтті.

    4 февраля 2025 12:27, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Іс-шара жасанды интеллект тақырыбына арналып, маңызды талқылауларға ие болды. Форумда Мемлекеттік техникалық қызмет төрағасының орынбасары Улыкбек Шамбулов осы мәселе төңірегінде маңызды ойларымен бөлісті.

    Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, адамзат өмірін түбегейлі өзгерткен бірнеше технологияларды білеміз. Атбегілік, кеме жасау, әуе кемелері, компьютерлер мен интернет, ғарышты игеру — бұлардың барлығы өз дәуірінде дамыған елдерге үлкен артықшылық берді. Бүгінде дәл осындай революциялық технологиялардың қатарында жасанды интеллект те бар.

    Digital Almaty аясында өткен баяндамасында Улыкбек Шамбулов жасанды интеллекттің қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Өз сөзінде ол бұл технологияның адамзат үшін зор мүмкіндіктерге ие екендігін, бірақ оны пайдалану кезінде қауіпсіздік мәселелерінің ескерілмеуінің соқтырғыш салдарлары болуы мүмкін екенін атап өтті.

    Улыкбек Шамбулов өз баяндамасында: «Біз ерекше әрі қызықты кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жасанды интеллект — жай ғана қарапайым технология емес, бірнеше жылдың ішінде адамдармен тең дәрежеде қызмет атқара алатын әлеуетке ие жүйе. Біз бұл үрдістен артта қалмауымыз керек».

    Сонымен қатар, ол қауіпсіздіктің прогреске кедергі болмауы керектігін ерекше атап өтті: «Қауіпсіздік қолдаушы әрі серіктес болуы тиіс. Мысалы, электр тоғы қауіпті, бірақ біз оны қауіпсіз пайдалану әдістерін үйренгендіктен, күнделікті өмірімізде қолданамыз. Дәл сол секілді, жасанды интеллектті де қауіпсіз әрі тиімді қолдануымыз қажет».

    «Инновациялар тек функционалды ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы керек. Егер біз ЖИ-ті дұрыс басқармасақ, оның кері әсері де болуы мүмкін. Сол себепті, әрбір технологияны енгізгенде қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлуіміз қажет», — деп атап өтті Улыкбек Шамбулов.

    Digital Almaty аясында көтерілген бұл мәселе жасанды интеллекттің болашағы мен оның қауіпсіз қолданылуы туралы қоғамда пікірталас туғызатыны сөзсіз. Бастысы — технологияның дамуын тежемей, оны қауіпсіздікпен үйлестіре білу.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.