Битрикс24 порталының қазақ тіліндегі бета-нұсқасы іске қосылды
Бизнесті басқару құралдары мен корпоративтік порталдардың әзірлеушісі Битрикс24 компаниясы өз порталының қазақ тіліндегі бета-нұсқасын іске қосқанын қуанышпен хабарлайды.
Бұл қадам компанияның қазақстандық пайдаланушыларға қолайлы және қолжетімді платформа құруға бағытталған стратегиясының маңызды бөлігі. Битрикс24 — жобаларды басқаруға, CRM, коммуникациялар мен бизнес-процестерге арналған әмбебап платформа. Порталдың қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосу қазақстандық кәсіпкерлердің заманауи автоматтандыру және оңтайландыру құралдарын ана тілінде пайдалануына мүмкіндік береді.
«Енді Қазақстанның іскерлік қауымдастығы біздің өнімді қазақ тілінде қолдана алатынын мақтан тұтамыз. Бета-нұсқаағымдағы және жаңа Битрикс24 пайдаланушылары үшін қолжетімді. Бұған дейін порталды серіктестерімізге көрсеттік, олар оң пікірлерін білдірді. Қолданушылар да портал туралы өз ойларын білдіріп, одан әрі ыңғайлы етуге көмектесе алады. Ол үшін біздің поштамыз қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр», — дейді Битрикс24 Қазақстан директоры Сармантай Қасенов.
Жобаға қосылу үшін Битрикс24 ресми сайтына кіріп, тіркелу жеткілікті.