Қытай компаниясы Қазақстанда шағын биіктік экономикасын және интеллектуалды өндірісті дамытуға ниетті
«KAZAKH INVEST» ҰК" АҚ мен Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co. Ltd компаниясы шағын биіктік экономикасы саласындағы жобалар бойынша бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойды.
Келісім аясында Қазақстанда дрондар, ақылды қалалар және интеллектуалды өндіріс технологияларын біріктіретін индустриалды парк салу жоспарланып отыр. Жобаға $200 млн инвестиция құйылып, 1000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Меморандум сондай-ақ химия өнеркәсібі мен инновациялық технологиялар саласындағы жобаларды дамытуды көздейді. Бұл Қазақстанның жоғары технологиялық өндірістер саласындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Біз шағын биіктік технологияларын ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және инфрақұрылымды басқару сияқты салаларға енгізудің зор әлеуетін көріп отырмыз. 2050 жылға қарай шағын биіктік экономикасының жаһандық нарық көлемі $8,8 трлн-ға жетеді деп болжануда. Сондықтан біз жаңа салаларды дамытуға арналған платформаларды белсенді түрде құрып, жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Қытай компаниясының озық технологиялары мен тәжірибесі Қазақстанда осы саланың дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті ұлттық компанияның Басқарушы Директоры Азамат Қожанов.
Тараптар азаматтық авиациядағы ұшу жарамдылығы стандарттарын өзара мойындау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы шағын биіктік саласындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және саланың дамуына ықпал етеді.
Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd — логистика мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған инновациялық технологияларға инвестиция салу бойынша жетекші қытайлық компаниялардың бірі. Компания CITIC POLY FUND құрамына кіреді, оның негізгі акционерлері — China Poly Group және CITIC Group корпорациялары. Бұл компаниялар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыруда маңызды рөл атқарады.