Қарағанды облысының ауыл тұрғындары дәрігерлерден қашықтан консультация ала алады

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында телемедицина дамып келеді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бұл ауыл тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, мамандардан қашықтан консультация алуға мүмкіндік береді. Жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ауданның медициналық ұйымдарының жұмысымен және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігімен танысты.

Вице-министр Үшарал ауылының медициналық пункті мен Ақтоғай аудандық ауруханасына барып, медициналық көмекті ұйымдастыру барысын және аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жағдайларын бағалады. Жұмыс сапарының негізгі мәселелерінің бірі телемедицинаны дамыту болды. Аудандық ауруханада Манас Рамазановқа телемедициналық консультация өткізу барысы көрсетілді. Мұндай формат аудандық медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, қажет болған жағдайда мамандардан сараптамалық қолдауды қашықтан алуға мүмкіндік береді. Сапар барысында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына ерекше назар аударылды.

«Ауыл тұрғыны үшін қажетті медициналық көмектің тұрғылықты жеріне барынша жақын жерде қолжетімді болуы маңызды. Заманауи технологиялар, оның ішінде телемедицина мамандардың консультациясын пациентке жақындатуға және аудандық медицинаның мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Манас Рамазанов.

Жұмыс сапары шеңберінде вице-министр Ақтоғай ауданының тұрғындарымен де кездесті. Кездесуде медициналық қызмет көрсету және аудандық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қойып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Манас Рамазанов азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер беріліп, қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер қарауға алынды. Ауылдық медицинаны дамыту, телемедициналық технологияларды енгізу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.