Следите за новостями

Цифра дня

9 спутников — Казахстан создаст международную группировку к 2030 году

    Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

    Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр.

    12 августа 2026 18:47, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жоба аясында деректерді онлайн режимде беретін 8 гидротехникалық нысанға су деңгейі мен су шығынын өлшейтін 11 датчик орнату көзделген. Бұл суды дәлірек есепке алуға және қолмен өлшеу қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Бүгінде монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Шардара көпіріне үш су есептеу құралы, «Шардара-Жетісай» көпіріне екі құралдан орнатылды. Сонымен қатар Шардара магистральдық каналына, «Тәуелсіздіктің 20 жылы» каналына, Арыс өзеніндегі гидробекетке, Қызылқұм каналындағы көпірге, сондай-ақ Көксарай контрреттегішінің су жеткізетін және су бұратын каналдарындағы көпірлерге бір-бірден құрал орнатылды.

    «Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру ЕАДБ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманы іске асыру су ресурстарын ашық әрі тиімді басқаруға берік технологиялық негіз қалыптастырып, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтады және еліміздің су шаруашылығы кешенін сапалы жаңа деңгейге көтереді», — деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.