Следите за новостями

Цифра дня

10 млрд тг выделило правительство на создание KazSat-3R

    Энергоминде ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды

    Екі күн бойы отын-энергетика кешені кәсіпорындарының 120-дан астам маманы заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді.

    28 июля 2026 13:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешені объектілерінің технологиялық жүйелерін қорғауға арналған ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды.

    Екі күн бойы отын-энергетика кешені кәсіпорындарының 120-дан астам маманы заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орын алған командалар дипломдармен марапатталды.

    «Энергетика министрлігі үшін ENERFORT — мамандардың құзыреттерін бағалау, олардың даярлығын жетілдіру және отын-энергетика кешені объектілерінің киберорнықтылығының заманауи жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың бастауы. Оқу-жаттығу нәтижелері энергетикалық инфрақұрылымның қорғалу деңгейін арттыруға және сала бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге негіз болуы тиіс», — деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.