Следите за новостями

Цифра дня

21% предприятий в обрабатывающем секторе используют цифровые инструменты

    QAIRU және Shanghai Innovation Institute: жасанды интеллектінің болашағына арналған меморандум

    ҚР Президенті Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен өткен кездесуі аясында QAIRU Shanghai Innovation Institute-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    17 июля 2026 11:07, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін және өзара сенім, стратегиялық серіктестік және ортақ болашаққа деген көзқарас негізінде жаңа «алтын отыз жылдыққа» қадам басқанын атап өтті.

    Қол қойылған келісімдер — QAIRU-дың Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық және білім беру ынтымақтастығын нығайтуға қосқан практикалық үлесі.

    Shanghai Innovation Institute-пен ынтымақтастық бірлескен зерттеулер жүргізуге, қолданбалы AI жобаларын іске асыруға, академиялық алмасуға және жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталатын болады.

    Меморандумдардың қол қойылуы әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау, бірлескен зерттеулерді дамыту, технологиялар трансферін жүзеге асыру және QAIRU-дың Орталық Азиядағы халықаралық AI білім беру және инновациялар орталығы ретіндегі рөлін нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.