Следите за новостями

Цифра дня

4 трлн тенге — прогноз рынка e-com Казахстана в 2025 году

    Алматыда MBZUAI университетімен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

    Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған серіктестікті кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

    6 мая 2026 11:48, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес аясындағы іс-шаралар шеңберінде жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық университеттердің бірі — Mohammed bin Zayed University of Artificial Intelligence (MBZUAI) өкілдерімен кездесу өтті.

    Іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. MBZUAI тарапынан талқылауға табиғи тілдерді өңдеу саласының профессоры, департамент басшысы Преслав Наков қатысты.

    Келіссөздер барысында Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект зерттеу университетін құру мәселелері, оның ішінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, академиялық құрамды қалыптастыру және бірлескен ғылыми бастамаларды іске қосу мәселелері қарастырылды.

    Сондай-ақ жасанды интеллект бағытындағы мамандандырылған университеттерді дамытудағы халықаралық тәжірибе, озық білім беру модельдерін енгізу және ғылыми мектептерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған серіктестікті кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нақты бағыттарды айқындау жөнінде келісімге қол жеткізілді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.