Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 17-ші отырысында ЕТҚ-ға салық төлеу сервисі таныстырылды

Ол еңбекақы төлеу қорынан есеп айырысу мен міндетті төлемді жұмыс берушінің бір рет қолмен басу арқылы орындауына мүмкіндік береді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 17-ші отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық төлеуші кабинетіндегі жаңа сервистің жобасы таныстырылды.

Еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлем тетігін жеңілдету мәселесін кәсіпкерлер мен бухгалтерлік қауымдастық бірнеше рет көтеріп, ол бұрын Жобалық кеңсе алаңында қарастырылған болатын.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларға арнап, шамамен 7-8 түрлі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады. Олардың әрқайсысы жеке әдістемемен есептеледі. Жаңа сервис қолданыстағы жеңілдіктер мен қызметкерлердің жекелеген санатының ерекшелігін ескере отырып, барлық қажетті төлемді автоматты түрде есептеуге, сондай-ақ төлем құжатын банкке жіберуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерге интеграцияның арқасында сервис қызметкерлердің мәртебесіне сай тиісті есептеу режимін қолдана алады. Сондай-ақ, жұмыс уақытының табелін жүргізу мүмкіндігі қарастырылған, соның негізінде қажетті есептеулер автоматты түрде орындалады.

Сервисті енгізу шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік жүктемесін айтарлықтай төмендетеді, мәселен, 200.00 нысанын ұсыну қажеттілігінен бас тартуға болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев атап өткендей, сервисті енгізу толығымен ерікті түрде жүргізіледі. Бірінші кезеңде сервисті шағын және орта бизнес субъектілері пайдаланса, кейіннен бухгалтерлік жүйемен интеграцияланып, ірі кәсіпорындарға да таратылады.

Сервис әлеуметтік төлем бойынша есеп айырысуды автоматтандыруға, құжатты толтыру кезінде қатені азайтуға және жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы есеп айырысудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл қызмет осы жылы қыркүйекте пилоттық жоба ретінде іске қосылады. Сынақтан сәтті өткен жағдайда, 2027 жылғы қаңтардан бастап тұрақты енгізіледі.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.