ҚТЖ Тrip Optimizer пойызды басқарудың зияткерлік жүйесін енгізуді жалғастыруда

Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша ҚТЖ желісінде көзделген 425-тен 393 Тrip Optimizer пойызды автоматтандырылған басқарудың зияткерлік жүйесінің жиынтығы орнатылды. Қалған локомотивтерді жарақтандыруды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Ақтөбе, Мақат, Сексеуіл және Аягөз сервистік орталықтарында аяқтау жоспарлануда.

Trip Optimizer — круиздік бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін интеллектуалды автоматтандырылған пойызды басқару жүйесі. Жүйе жолдың профилін, құрамның массасын, локомотивтің сипаттамаларын, қолданыстағы жылдамдық шектеулерін және басқа да пайдалану параметрлерін ескере отырып, пойызды жүргізудің оңтайлы режимін есептейді. Бұл отын тиімділігін арттыруға, белгіленген қозғалыс кестесін сақтауға және пойызды басқару процесінде локомотив бригадаларына қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Trip Optimizer жүйесін пайдалана отырып, жоспарланған 65 локомотив айналымының 48-і өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Маршруттардың цифрлық картасын қалыптастыру шеңберінде жоспарланған 10 000 км-ден 9 675 км жол цифрландырылды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.