Следите за новостями

Цифра дня

1,8 млрд тг — в Жамбылской области запустили цифровую МТФ

    Жаңа цифрлық шешімдер әскери қызметшілердің жұмысын жеңілдетті

    Қорғаныс технологияларының ұлттық экожүйесін дамыту мақсатында Қорғаныс министрлігі Defence Tech бағытын белсенді түрде дамытып келеді.

    8 июня 2026 12:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бүгінде Defence Tech отандық инновацияларды дамытуға арналған стратегиялық алаң ретінде қарастырылуда.Бұл жайында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

    Оның негізгі бағыттары: ұшқышсыз технологиялар, роботтандырылған жүйелер, ЖИ және киберқауіпсіздік технологиялары. Осы бағыт аясында мемлекет, IT-компаниялар, инженерлік қоғамдастық, ғылыми ұйымдар, техникалық жоғары оқу орындары, стартаптар және жас әзірлеушілер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Defence Tech офисі жұмыс істейді.

    Сондай-ақ ол SHAIQAS 2026 чемпионаты өткізіліп жатқанын хабарлады. Жарысқа 1-15 маусым аралығында тіркелуге болады.

    «Қатысушылар дрондарды жинап ұшырады, барлау жасайды, координаттарды жібереді. Сондай-ақ роботтарды құрастырып, киберқауіпсіздік бағыты бойынша бақ сынасады. Соңғы кезеңде инженерлер тактикалық жарыс аясында атуды, спорт пен медицинаға қатысты операциялар жүргізеді. Жүлде қоры — 10 млн теңге. Тамыз айында финал өтеді», — деді спикер.

    Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлуде. Цифрландыру аясында азаматтардың әскермен өзара іс-қимылының бірыңғай цифрлық платформасы — myarmy.kz порталы іске қосылды.

    Сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимылды жетілдіруге және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді дамыту жұмыстары жалғасуда. Олардың қатарында «ARMIA.KZ» ақпараттық сервисі, «AI-Сұлу» әскерибот-психологы, ішкі нормативтік құжаттар бойынша навигация жасайтын чат-бот, GPT-ге ұқсас интеллектуалды көмекші бар.

    Қызмет өткеру, келісімшарттар, жеңілдіктер, демалыстар және іссапарлар туралы деректерге онлайн режимде қол жеткізуді қамтамасыз ететін әскери қызметшінің бірыңғай цифрлық жеке кабинеті — «Әскери e-Gov» сервисі іске асырылуда. Бұл сервис кадрлық процестердің ашықтығын арттырып, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді және қажетті мәліметтерді алу үшін бөлімшелерге жеке жүгіну қажеттілігін азайтады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.