Следите за новостями

Цифра дня

Более 170 тыс. обращений по правовым вопросам обработал ИИ-агент

    Жасанды интеллект технологиялары мектептерді басқару тәсілдерін өзгертеді

    Астанада «Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму» тақырыбында өткен стратегиялық конференция аясында мектеп директорлары білім беру процесінде жи технологияларын қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

    13 апреля 2026 10:35, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Семинар барысында BeyimTech компаниясының өкілі Бибарс Сейтниязов білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізудің негізгі бағыттарын таныстырды. Сала мамандарының пікірінше AI платформалар мұғалімдердің күнделікті жұмысын автоматтандырып, оқу процесін дербестендіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жасанды интеллектіге негізделген жаңа платформалар сабақ жоспарларын құрастырып, бағалау тапсырмаларын әзірлеуге және оқушылардың үлгерімін талдауға көмектеседі.

    Жасанды интеллект технологияларын енгізу мектепті басқару тәсілдерін де өзгертеді. Директорлар оқу процесін нақты деректер негізінде талдап, басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдай алады. Сонымен қатар әр оқушының білім алу траекториясын жеке бақылау мүмкіндігі кеңейеді.

    Семинарда педагогтің рөлінің өзгеруі де назардан тыс қалған жоқ. Жаңа жағдайда мұғалім тек с беруші емес, оқушының жеке дамуын бағыттайтын және цифрлық ортада жұмыс істейтін маман ретінде қарастырылады.

    Практикалық бөлімде мектеп басшылары жасанды интеллектке негізделген платформаларды өз білім беру ұйымдарына енгізу жолдарын талқылап, нақты қадамдарды айқындады. Нәтижесінде қатысушылар оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және басқару сапасын арттыруға бағытталған заманауи құралдарды меңгерді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.