«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Айбол Бижанов сайланды
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Айбол Бейбітұлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Айбол Бейбітұлы Бижанов басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Айбол Бейбітұлы 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның 10 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, соның ішінде 5 жыл бойы IT-инфрақұрылым саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2013 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2013 жылдың тамызынан 2020 жылдың маусымына дейін Айбол Бейбітұлы сатып алу және деректерді талдау саласында жұмыс істеді.
2020 жылдан 2024 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да менеджерден бастап Smart Data Ukimet үлкен деректермен жұмыс департаментінің директоры қызметіне дейін көтерілді. Оның басшылығымен маңызды жобалар жүзеге асырылды, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект платформасының тәжірибелік эксплуатацияға енгізілуі, мемлекеттік қызметтердің проактивті форматқа ауыстырылуы және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін отандық тауар өндірушілерінің талдауы жүргізілді.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Айбол Бейбітұлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.