2024 жылы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту қорытындылары туралы
Құжатта ҰЦҚИ-дың өткен жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, келешекке арналған стратегиялық мақсаты айқындалған.
Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту туралы» жылдық есебі жарияланғанын хабарлайды.
Инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары:
— Цифрлық валютамен операцияларды қоса алғанда, қауіпсіз әрі үздіксіз транзакцияларды қамтамасыз ету.
— Биометриялық сәйкестендіру мен келісімдерді басқару үшін цифрлық сервистерді енгізу.
— Ашық API арқылы қатысушылар мен қызметтерді жеткізушілер арасында қауіпсіз дерек алмасу.
2024 жылы ҰЦҚИ-ды дамытудағы негізгі бағыт — төлем инфрақұрылымының жаңа элементтерін құрып, нарыққа қатысушылар арасында қауіпсіз және өзара ашық іс-қимылды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы инфрақұрылымды құру.
Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін, Open API және Антифрод-орталығын іске қосу ісі қаржылық инклюзияны (қолжетімділікті) нығайтты, қауіпсіздік деңгейін арттырды және елішілік операциялардың дербестігін нығайтты.
Қазіргі уақытта ҚҰБ инфрақұрылымы тәулігіне 5,9 трлн теңгеге 350 000-нан астам транзакцияны өңдейді және айына 2,5 млн-нан астам цифрлық сәйкестендіру операциясын жүргізеді.
Бұдан басқа, 2024 жылы «Цифрлық теңге» жобасының екінші кезеңі аясында мемлекеттік және бағдарламаланатын төлемдерде цифрлық валютаны пайдаланудың жаңа сценарийлері сынақтан өткізіліп, ел экономикасына толық көлемде енгізу үшін негіз қаланды.
ҰЦҚИ — нарықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, икемді, орнықты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құруға ықпал ететін стратегиялық жоба. Айта кетейік, ҰЦҚИ операторы — ҚҰБ Ұлттық төлем корпорациясы.
Смотрите также
- Олжас Бектенов бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді
- Қазақстандағы киберқауіпсіздік: инфрақұрылымды дамыту, қорғаудың жаңа шаралары және цифрлық сауаттылық
- Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымын қабылдады
- Алматыда «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» тақырыбымен Digital Almaty 2025 VII Халықаралық цифрлық форумы басталды
- Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады