Следите за новостями

Цифра дня

$167 млн потратят на KazSat-3R

    Ozon Қазақстан Алматыда жаңа фулфилмент-орталық ашады

    Маркетплейстің объектідегі заманауи жабдықтар мен IT-инфрақұрылымға жұмсаған инвестициясы қазірдің өзінде 5 млрд теңгеден асты.

    9 января 2025 09:18, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ozon Қазақстан маркетплейсі Қазақстандағы ең ірі логистикалық кешеннің бірінші кезегін Алматы облысында іске қоспақшы. Жаңа фулфилмент-орталықтың ашылуымен өңірдегі тауар жеткізу мерзімі 1 күнге дейін қысқарады. Кешен тапсырыс өңдеудің — тауарларды қабылдаудан бастап жіберілген затты әзірлеуге дейінгі — толық циклін жүзеге асырады.

    Компания жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын орталықтың бірінші блогындағы операцияларды бастап кетті. 2026 жылы маркетплейс екінші блокты пайдалануға беруді жоспарлап отыр, оның ауданы да 20000 шаршы метрді құрайды. Екі есе кеңейетін логистикалық кешен шамамен 22 миллион стандарт өлшемді тауарларды орналастырып, күн сайын шамамен сол көлемдегі 595 000 тапсырысты өңдей алады. Сондай-ақ, аталған логистикалық нысанды іске қосу 3000-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

    «Біз Қазақстанда маркетплейс қызметтеріне сұраныстың үнемі өсіп келе жатқанын көреміз: тапсырыстар саны артуда, сатушылар саны мен олардың айналымы да өсіп келеді. Мақсатымыз — Алматы мен көрші облыстардың тұрғындары үшін тауар жеткізуді барынша ыңғайлы әрі жылдам ету, ал сауданы ел тұрғындары үшін тиімді қылу. Аталған логистикалық кешеннің ашылуы осы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің тауарларды жеткізуге жұмсаған шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», — деді Ozon Қазақстан Бас директоры Мөлдір Рысалиева.

    Соңғы екі жылда Ozon-ның логистикалық инфрақұрылымы 3 есеге ұлғайды және бүгінгі күні 3 млн шаршы метрден асады. Ресей мен ТМД елдерінде қазірдің өзінде 46 фулфилмент-орталық, 150-ден аса сұрыптау орталығы және 50 мыңнан аса тапсырыс беру пункттері жұмыс істейді.

    Ozon Қазақстан 2021 жылдан бастап елімізде логистикалық инфрақұрылымды дамытып келеді, бүгінде оның жалпы ауданы 43 000 шаршы метрден асады. Қазақстан аумағында Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Қостанай қалаларында компанияның 8 логистикалық орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, тапсырыс беру пункттерінің желісі де белсенді дамып келеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.