Следите за новостями

Цифра дня

300 сельских населенных пунктов обеспечили спутниковым интернетом в 2025 г.

    Жаслан Мәдиев Starlink жүйелерінің Қазақстандағы жұмысқа дайындығын тексерді

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды енгізудің аралық нәтижелерін талқылады.

    9 февраля 2026 13:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жиынға бейінді мемлекеттік органдардың мамандары да қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы 2025 жылғы 12 маусымда қол қойылған келісімнің жүзеге асырылу барысы болды. Құжатқа қол қойылған сәттен бастап жоба белсенді кезеңге өтті: компания ел аумағында жерүсті инфрақұрылымын өрістету жұмыстарына кірісті. Тараптар келісім аясындағы міндеттемелердің орындалуын егжей-тегжейлі талдап, жүйелердің техникалық дайындығын бағалады. Техникалық мәселелермен қатар, спутниктік желі жұмысын Қазақстанның құқықтық өрісіне толық интеграциялау мақсатында оның реттеуші нормаларға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

    Анықтамалық ақпарат: 2025 жылғы 12 маусымда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Starlink Kazakhstan» компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернетті іске қосу туралы келісімге қол қойды. Пилоттық жоба шеңберінде компания жерүсті инфрақұрылымын құру, оны пайдалануға беру және техникалық іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.