Следите за новостями

Цифра дня

300 сельских населенных пунктов обеспечили спутниковым интернетом в 2025 г.

    Ұлттық Банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидасын бекітеді

    Жүйені енгізу клиент мүддесі үшін банктер арасында өзара іс-қимыл тиімділігін арттырады және қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін одан әрі кеңейтуді әрі арттыруды қамтамасыз етеді.

    5 февраля 2026 16:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ұлттық Банк «Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының қаулы жобасы әзірленгенін хабарлайды. Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.

    Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі – бұл оңайлатылған деректемелер (телефон нөмірі және QR) бойынша нақты уақыт режимінде банкаралық клиенттік аударымдар мен төлемдерді жүргізуге мүмкіндік беретін Ұлттық Банктің төлем жүйесі. Клиенттерге жүйедегі қызметтерді екінші деңгейлі банктер көрсетеді.

    Қаулы жобасы жүйенің жұмыс істеу тәртібін айқындайды, қатысушы банктерге ақпарат алмасу, оңайлатылған идентификатор бойынша банкаралық ақша аударымдары мен QR-кодты пайдалана отырып төлем бойынша қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау талаптарын белгілейді.

    Осы жүйенің көмегімен клиенттер алушының телефон нөмірін ғана біле отырып, ақшаны басқа банктерге аудара алады. Кәсіпкерлер үшін банкаралық QR-кодты пайдалана отырып төлемдерді қабылдау кезінде әртүрлі банктердің бірнеше POS-терминалын орнату қажеттілігі жойылды. Сервис сатып алушыларға басқа банктердің пайдасына банкаралық QR-төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді (өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы).

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.