Следите за новостями

Цифра дня

300 сельских населенных пунктов обеспечили спутниковым интернетом в 2025 г.

    Ұлттық Банк цифрлық активтер айналымын реттеу бойынша бірқатар қаулы жобасын әзірледі

    Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық активтердің айналымын реттеуге қатысты 16 қаулы жобасы әзірленгенін хабарлайды.

    4 февраля 2026 14:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Құжаттар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру үшін әзірленді.

    Бұл қаулылардың жобасы цифрлық активтер қызметін көрсетуші: цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы қызметін жүзеге асырушы провайдерлердің (бұдан әрі — провайдерлер) тәртібін белгілейді. Оларды Ұлттық Банк тарапынан лицензиялау тәртібі де айқындалады.

    Құжаттарда провайдерлердің ақпараттық қауіпсіздігіне және тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен (криптовалюталармен) операциялар бойынша лимиттер мен шектеулер бекітіледі.

    Базалық активі ақша түрінде келетін цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндер) шығару, сондай-ақ оларды орналастыру, есепке алу, айналым және өтеу тәртібі мен шарттары айқындалады. Стейблкоин эмитенттеріне, оларды шығару туралы шешім қабылдауға, базалық активті сақтауды қамтамасыз етуге және олардың эмиссия шарттарына қойылатын талаптар белгіленеді. Есептілікті ұсыну, есепке алу және сақтау тәртібін қоса алғанда, стейблкоиннің базалық активін сақтауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар қосымша айқындалды. Сондай-ақ провайдерлер мен эмитент стейблкоиннің есептілігі бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен жиынтығы жазылады.

    Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының және цифрлық активтер сауда платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу үшін бағалы қағаздардың орталық депозитарийімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленеді.

    Сонымен қатар, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша заңнама[1] талаптарына сәйкестендіру мақсатында провайдерлер, стейблкоин эмитенттері мен Ұлттық Банктің реттеушілік сынақ алаңына қатысушылар үшін ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптар мен оффшорлық аймақтар тізбесі бекітіледі. Заңнама талаптарын бұзған жағдайда провайдерлерге қатысты қадағалау шараларын қолдану тәртібі белгіленеді.

    Ұлттық Банктің Басқарма қаулыларының жобасы ұлттық деңгейде цифрлық активтердің бірыңғай реттелетін және инклюзивті нарығын құруға, сондай-ақ цифрлық активтер нарығындағы ашықтықты арттыруға және алаяқтыққа қатысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

    Құжаттар «Ашық НҚА» порталында жарияланған соң ҚРҰБ интернет-ресурсында орналастырылады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.