Следите за новостями

Цифра дня

40 тысяч врачебных онлайн-консультаций получили казахстанцы в 2025 году

    Цифрлық кодекс: ЭЦҚ мен push-хабарламаларды қолдану салалары айқын ажыратылды

    Цифрлық кодекс: ЭЦҚ мен push-хабарламаларды қолдану салалары айқын ажыратылды

    27 января 2026 09:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған екі өзгерістер блогы көзделген. Соның бірі — цифрлық сәйкестендіру мен аутентификациясыз қызметтер алу мен мәмілелер жасауға жол бермеу. Нақты тәртіп белгіленіп, цифрлық хабарландыру режимі де нақтыланды. Мемлекеттік қызметтер мен сервистер бойынша хабарламаларды оқығанын растау арқылы бірыңғай хабарлау орны қарастырылған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

    «Соңғы уақытта электрондық цифрлық қолтаңбаның орнына келісіміңізді бір сәтте растайтын, алайда ұзақ мерзімді перспективада қол қойылған шарттың мазмұнын сақтауды қамтамасыз етпейтін өзге push-хабарламалар қолданыла бастады. Сондықтан біз оларды қолдану салаларын нақты ажыраттық. Электрондық цифрлық қолтаңба — құқықтық қатынастардың қорғалған нысаны. Егер ұзақ мерзімге шарт жасалса немесе ірі қаржылық міндеттемелер қамтылса, олар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталуы тиіс. Ал, егер бұл тек белгілі бір сәттегі келісім болса, цифрлық растауды хабарлама түрінде қолдануға болады. Қатаң ажырату қауіпсіз емес, тым жеңіл жасалатын мәмілелерге жол бермеу мүмкін болады», — деді депутат.

    Цифрлық ортадағы құжаттарға қатысты да Кодексте белгілі бір тәртіп енгізілген.

    «Жалпы алғанда цифрлық құжаттар екі түрге бөлінеді: цифрлық және электрондық құжаттар. Электрондық құжат — электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжат. Ол жылдар бойы сақталып, цифрлық архивтің бір бөлігі бола алады. Ал цифрлық құжат — сервис арқылы қалыптастырылатын құжат. Ол деректердің эталондық көздерінен жиналады. Мұндай құжатты сақтау мүмкін емес, себебі эталондық базадағы деректер өзгеруі мүмкін және құжат қайтадан өзгеше қалыптастырылады. Цифрлық құжаттар цифрлық ортада ғана өмір сүреді, оларды сақтауға болмайды. Цифрлық мәліметтер — құқықтық мәртебе алған жаңа сервис. Бұл, негізінен, цифрлық өзара іс-қимыл туралы ақпарат беретін құжат. Егер цифрлық ортадағы қатынастарымыздың қауіпсіз болуын қаласақ, осыған назар аударуымыз қажет», — деп толықтырды Екатерина Смышляева.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.