Следите за новостями

Цифра дня

85% пациентов получают лекарства через цифровые сервисы

    Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда

    Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады.

    24 декабря 2025 12:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Шағын және микро бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, салық органдарымен өзара іс-қимылды түсінікті және болжамды ету, сондай-ақ жаңа Салық кодексіне көшу кезінде кәсіпкерлерді қолдау үшін, Қаржы министрлігінің салықтық әкімшілендіруге енгізіп жатқан өзгерістері туралы ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында баяндады.

    Ол салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

    «Бірінші. Салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу. Негізгі тәсіл — салық төлеушіні сервистік сүйемелдеуге: тіркелген сәттен бастап және оның бүкіл қызметі бойында „бақылау үшін бақылаудан“. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің, екінші деңгейдегі банктердің және басқа да цифрлық арналардың платформаларында электрондық сервистер мен интеграцияларды дамытумен қамтамасыз етілетін болады», — деді министр.

    Шешімдер қатарында:

    — декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде декларациялау;
    — маңызды оқиғалар бойынша push-хабарламалар. Мысалы, қосылған құн салығы бойынша есепке қою немесе салық есептілігін беру мерзімі басталған кезде;
    — жекелеген процестер — «өтiнiшсiз» форматта. Мысалы, мемлекеттік бажды автоматты түде қайтару немесе салықтарды есепке жатқызу.

    Қосылған құн салығы төлеуші ретінде тіркелгеннен кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің платформасында кәсіпкер: жалпы, электрондық шот-фактураларымен қалай жұмыс істеу керек, қосылған құн салығы бойынша базалық ұғымдар, электрондық шот фактураларын жазып берудің және декларацияны тапсырудың негізгі мерзімдері бойынша базалық оқудан өтеді.

    Қосымша онлайн-көмекші — «Калькуляторды» іске қосылады, ол сауалнама бойынша:

    — оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды,
    — салық салудың қолайлы режимін,
    — есептілік тізбесін,
    — тапсыру және төлеу мерзімдерін,
    — өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді.

    Министрлік салық есептілігін біртіндеп қысқартып келеді. Салық есептілігі нысандарының саны жыл сайын азаюда, мысалы, 2009 жылдан бері — 70-тен 28-ге дейін немесе 60%-ға қысқарды.

    Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша: міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтындар үшін мүлік, көлік және жер салықтары бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп айырысулары күшін жояды. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір декларация тапсырып, жыл қорытындысы бойынша төлейтін болады.

    Маңызды жаңалық — есептілікті ұсынбағаны үшін «айыппұлдар» практикасынан бас тарту. Егер декларация тапсырылмаған болса, ол нөлдік көрсеткіштермен берілді деп есептеледі, бұл ретте қосымша есептілікті беру және деректерді дұрыс нақтылау құқығы сақталады.

    «Өндіріп алудың жаңа тәсілдері: шағын бизнесті шамадан тыс әкімшілік шаралардан қорғау. Біз шаралар мөлшерлес болуы және елеусіз сома үшін микро- және шағын бизнеске „қысым жасамауы“ үшін салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертуді жоспарлап отырмыз. Басты өзгеріс — ден қою шаралары басталатын шектерді көтеру. Егер бұрын, әлеуметтік аударымдар бойынша іс жүзінде шек болмаған кезде, осы жылы салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 айлық есептік көрсеткіштен өндіріліп алынған болса, онда енді салық берешегі бойынша шегі 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша шамамен 26 мың теңгеге немесе 6 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеріледі. Неге бұл маңызды: өйткені, бүгінде әлеуметтік төлемдер бойынша шектің болмауы себебінен өндіріп алу шараларына тап осы микро- және шағын бизнес жиі түседі — борышкерлердің шамамен 72%-ының 6 айлық есептік көрсеткішке дейін борыштары бар. Осының кесірінен шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыты мен ақшасын жоғалтады», — деді министр.

    Енді, егер берешегі:

    — 87 мың теңгеге немесе 20 айлық есептік көрсеткішке дейін болса — хабарлама жіберіледі, өзге шараларсыз, тек өсімпұл ғана есептеледі;
    — 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 айлық есептік көрсеткішке дейін болса — хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегіндегі шығыс операциялары тоқтатыла тұрады және тек содан кейін ғана инкассолық өкімдер шығарылуы мүмкін;
    — 195 мың теңгеден немесе 45 айлық есептік көрсеткіштен астам болса — мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты неғұрлым қатаң шаралар қолданылады.

    Шараларды қолдану тәртібі мен шектері бұйрықпен бекітілген.

    Кейінге қалдыру және бөліп төлеу — оңай және жылдам. Жаңа Салық кодексінде маңызды қолдау көзделген. 1,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін кепілге мүлік қоймастан және банктен кепілдік алмастан 1 жылға дейін мерзімін кейінге қалдыру/бөліп төлеу қолжетімді болады. Бұл бюрократияны азайтуды, кепілді бағалау мен сақтандырудың қажеті болмауын, бөліп төлеуді рәсімдеу мерзімдері қысқаруын білдіреді. Көлденең мониторингке қатысушылар үшін де 12 айға дейінгі мерзімге кепілсіз және кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

    Өндірушілерге, өнім өндіруге арналған тауарлар бойынша импортқа қосылған құн салығын төлеуді — бір жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі көзделген. Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін Қаржы министрлігінің сайтында жаңа Салық кодексі бойынша өзекті «Топ-100 сұрақ-жауап» айдары орналастырылған.

    Микро- және шағын бизнеске арналған жедел шаралар.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро- және шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастау көзделіп отыр, ол төмендегідей болады:

    — 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдердегі камералдық бақылау мен салықтық тексерулер күшін жояды, яғни, өткен кезең үшін тексеру болмайды;
    — осы кезеңдердегі мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беру тоқтатылады;
    — оңайлатылған рәсімге құқығы бар субъектілерді тарату жеңілдетіледі — камералдық бақылаусыз болады;
    — қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды бұзған және өткен кезеңдерге есептілік ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
    — 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі борышты өтеген жағдайда — салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.

    Жалпы алғанда, осы шаралардың барлығы 2 млн-ға жуық микро- және шағын бизнес субъектілеріне оң әсер ететін болады.

    Әлеуметтік жауапкершілік және кәсіпкерлерге көмек.

    Кәсіпкерлерге есепті дұрыс жүргізуге және қателерін азайтуға көмектесу үшін Қаржы министрлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. Осы жылы 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен кездесу қорытындысы бойынша — кәсіби қоғамдастықта біздің бастамамыз қолдау тапты. Акцияның мақсаты — бухгалтерлік және салық есептілігін дайындау және тапсыру кезінде жеке кәсіпкерлерге және шағын бизнес субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсету.

    Өткізу форматтары:

    — ресми ресурстарды пайдалану арқылы онлайн-консультациялар беріледі, оның ішінде жеке Telegram-арна құрылатын болады;
    — офлайн және онлайн вебинарлар;
    — есепті кезеңдерде тақырыптық консультациялық сессиялар.

    Акцияға қатысуға:

    — кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
    — кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
    — түсіндіру бөлігінде — аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылатын болады.

    Акцияны бірінші жартыжылдық бойында өткізуді ұсынамыз. Өз тарапынан Мемлекеттік кірістер комитеті сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейтеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.