Следите за новостями

Цифра дня

7% — доля объектов ВИЭ в выработке электроэнергии в РК

    ӘТЖК қауіпсіздіктің цифрлық моделін енгізуде

    Жаңа стратегия теміржол объектілері мен жүктерді күзету тәсілін түбегейлі өзгертетін мониторинг пен бақылаудың заманауи технологияларын белсенді енгізуді көздейді.

    31 октября 2025 14:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС («ӘТЖК» ЖШС) — «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесіндегі стратегиялық объектілер мен теміржол көлігі жүктерінің физикалық және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалғыз күштік құрылым — ауқымды цифрлық трансформацияны іске асырады. Бұл туралы «ӘТЖК» ЖШС Бас директоры Нұржан Әлкеев «Burabay Express» электр пойызындағы кезекті медиа-кездесуде хабарлады.

    Жаңа стратегия теміржол объектілері мен жүктерді күзету тәсілін түбегейлі өзгертетін мониторинг пен бақылаудың заманауи технологияларын белсенді енгізуді көздейді. Цифрлық реформаның орталық элементі филиалдарды, бақылау пункттерін және диспетчерлік қызметтерді бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіретін Жедел басқару орталығын (ЖБО) құру болады.

    Бұл нақты уақыт режимінде пойыздар қозғалысын, жоспарланған технологиялық толаскездерді, қауіптілігі жоғары учаскелерді бақылауға және күзетті уақтылы күшейтуге мүмкіндік береді. ӘТЖК пассивті жауап беруден тәуекелдердің белсенді алдын алуға — ықтимал қауіптердің алдын алу және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ресурстарды тиімдірек бөлуге көшеді.

    Сонымен қатар, күзеттің болашақ цифрлық моделінің негізгі элементі — теміржол саласының қажеттіліктері үшін арнайы отандық мамандар әзірлеген «QORGAU» зияткерлік жүйесі енгізілуде. Жүйе бірқатар жұмыс процестерін автоматтандырып, жылжымалы құрамды тексеру уақытын үштен біріне қысқартады және қағаз құжат айналымының ескірген тәжірибесін жояды.

    ӘТЖК қызметкерлері үшін нұсқаулықтар алуға, пойыздардың келуі мен жөнелтілуін тіркеуге, сүйемелдеу процесін басқаруға және онлайн-режимде Жедел басқару орталығымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске асырылатын болады.

    Болашақта қосымшаның функционалдығы диспетчерлеу, жалақы және Help Desk қызметі арқылы кеңейтіледі, бұл қауіпсіздік процесін толық цифрландыруды қамтамасыз етеді.

    Жобаны іске асыру басқаруды орталықтандыруға, талдаудың дәлдігін, болжау сапасын арттыруға және адам факторының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

    Бұдан басқа, ӘТЖК-ның 2026 жылға арналған жоспарында — жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалана отырып, әуе патрулін енгізу. Олар теміржол бойындағы күдікті әрекеттер мен ықтимал қауіпті аймақтарды жедел анықтап, қызметкерлердің физикалық қатысуына тәуелділікті азайтады және бақылау тиімділігін арттырады.

    Тағы бір маңызды жаңалық — пойыздардың қозғалысын және нақты уақыттағы жүктердің күйін бақылауға мүмкіндік беретін GPS пломбаларын енгізу. Егер контейнердің тұтастығы бұзылса, жүйе автоматты түрде сигналды орталық басқару пультіне жібереді, бұл мобильді топтардың жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

    Болашақта зияткерлік талдаумен бейнебақылау жүйелерін орнату және кейіннен талдау мүмкіндігімен бейне және аудио сигналдың үздіксіз жазылуын қамтамасыз ететін цифрлық бейне-жетондарды енгізу жоспарлануда. Бейне жетондар жұмыстың ашықтығын арттырады және қызметтік тексерулер кезінде объективті дәлелдер базасын жасайды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.