Следите за новостями

Цифра дня

$495,5 млн — объем выручки на рынке дата-центров в РК в 2025 году

    OPPO Қазақстанда жаңа Reno14 5G және Reno14 F 5G смартфондарын ұсынды

    OPPO компаниясы Қазақстанда Reno14 сериясының екі жаңа моделін — Reno14 5G және Reno14 F 5G смартфондарын ұсынды.

    31 июля 2025 17:54, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Бұл құрылғылар — жасанды интеллектінің жаңа буыны, жоғары өнімділік және су астында чехолсыз 4K-бейнетүсірілім мүмкіндігін қосқанда, беріктігі күшейтілген корпус пен заманауи түсірілім технологияларының үйлесімі.

    AI көмегімен инновациялық түсірілім

    Екі модель де заманауи камералармен жабдықталған, соның ішінде Sony IMX882 50 Мп негізгі камерасы (OIS-мен) бар. Сонымен қатар, ультракеңбұрышты модульдер мен автофокуспен жабдықталған алдыңғы камералар бар.

    — Reno14 5G — 50 Мп телеперископтық объективпен (3,5× оптикалық зум),
    — Reno14 F 5G — макрокамерамен толықтырылған.

    Су астында 4K-видеоны түсіру мүмкіндігі бұл модельдерді өз сегментінде бірегей етеді.

    Жаңа деңгейдегі AI-функциялар:

    — AI Livephoto 2.0 — түсірілім алдындағы және кейінгі сәттерді автоматты түрде сақтау
    — AI Recompose — кадрды интеллектуалды реттеу және горизонтты түзету
    — AI Eraser/ Unblur/ Perfect Shot — қажетсіз нысандарды өшіру, айқындық пен мимиканы жақсарту
    — AI Style Transfer — басқа суреттің стилін көшіру
    — AI Flash Photography (F-нұсқасында) — жақын арақашықтықта жарықты күшейту

    Беріктік пен қорғаныс

    Екі смартфон да IP66/ IP68/ IP69 стандарттары бойынша үш есе қорғанысқа ие және 2 метр тереңдікте 30 минутқа дейін тұщы суға төтеп бере алады.

    Қосымша қорғаныс:

    — All-Round Armour — ішкі амортизаторлық құрылым
    — Платинамен қапталған USB-порты
    — Gorilla Glass және металл жиектер (Reno14 5G)
    — Күшейтілген корпус жиектері (Reno14 F 5G)

    Mermaidcore эстетикасынан шабыт алған дизайн

    Түстер преломлениесі мен күңгірт/жылтыр эффектілері бар ерекше түстер:

    — Reno14 5G: Opal White, Luminous Green
    — Reno14 F 5G: Opal Blue (Gradient Aura), Luminous Green

    Қалыңдығы — 7.42 мм бастап, салмағы — 180 г бастап. Рамкалары — 1.6 мм дейін, бұл минимализм мен эргономиканы ерекшелейді.

    Өнімділік және автономдылық

    — Reno14 5G: MediaTek Dimensity 8350, 12 ГБ ЖЖҚ, 256/512 ГБ ішкі жады
    — Reno14 F 5G: Snapdragon 6 Gen 1, 8/12 ГБ ЖЖҚ, 256 ГБ ішкі жады
    — Екі модельде де: 6000 мА·сағ аккумулятор, жылдам қуаттау — 80 Вт (Reno14) / 45 Вт (Reno14 F)
    — AI Dual-Drive Cooling: буландыру камерасы және графит пластиналар

    Ойын және интерфейс үшін AI-оптимизация

    — AI HyperBoost 2.0 және Adaptive Frame Stabilization — ойын кезінде жоғары тұрақтылық пен тегістік
    — AI Game Highlights — маңызды сәттерді автоматты жазу
    — Silent Launch — ойындарды үнсіз іске қосу
    — AI LinkBoost 3.0 (F-нұсқасында) — жүктемесі көп желілерде тұрақты байланыс

    Интеллектуалды мүмкіндіктер

    — AI Call Assistant, Call Summary және VoiceScribe — қоңыраулар мен бейнеқоңырауларды жазу, мәтінге айналдыру және аудару
    — AI Translate — экранды екіге бөлу, камера немесе дауыс арқылы аудару
    — Circle to Search — экрандағы элементті белгілеп, жылдам іздеу
    — Google Gemini интеграциясы — Notes, Calendar және Clock арқылы дауыспен басқару
    — O+ Connect — Android пен iOS арасында файлдарды лезде бөлісу
    — ColorOS 15 — Trinity Engine жүйесімен және 5 жылға дейін жаңарту қолдауымен

    Reno14 5G және Reno14 F 5G — бұл келесі буын смартфондары: премиум-дизайн, кез келген жағдайда түсіру мүмкіндігі және кеңейтілген AI-функцияларымен, соның ішінде нағыз суасты түсірілімін қамтамасыз етеді.

    OPPO Reno14 смартфондары Қазақстанда 1 тамыз сатылымға шығады.

    Бағасы: Reno14 F 5G (256 Гб) — 249 990 тг., Reno14 F 5G (512 Гб) — 299 990 тг., Reno14 5G (512 Гб) — 429 990 тг.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.