Следите за новостями

Цифра дня

2 трлн тг. — оборот по казахстанским платежным картам за рубежом за январь—май 2025 года

    Қазақстанда газ есептегіш көрсеткіштерін беру үшін жасанды интеллект қолданыла бастады

    Цифрлық қызмет Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өтуде.

    29 июля 2025 10:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында QazaqGaz Aimaq компаниясы газ есептегіш құрылғыларының көрсеткіштерін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы автоматты түрде жіберуге арналған мобильді қосымшаны пилоттық режимде енгізе бастады.

    Қосымшаны қазірдің өзінде 7 мыңнан астам тұтынушы жүктеп алған, оның ішінде Түркістан облысындағы белсенді пайдаланушылар жаңа сервистің ыңғайлылығын алғашқылардың бірі болып бағалап үлгерді.

    Қосымшаның жұмыс істеу қағидасы қарапайым: тұтынушы есептегіштің фотосуретін түсіреді, ал жасанды интеллект негізіндегі жүйе мәліметтерді автоматты түрде таниды және өңдейді. Бұл бақылаушының келу қажеттілігін жояды, шоттардың жасалуын жеделдетеді және қателерді барынша азайтады.

    QazaqGaz Aimaq компаниясының мәліметінше, бұл сервис операторларға түсетін жүктемені азайтып, есеп айырысудың ашықтығын арттыруға және халық арасында газды ұқыпты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жақын арада қосымшаның функционалы кеңейтіледі. Тұтынушылар төлем тарихын көру, есептегіштерді тексеру мерзімдері туралы ескертулер мен газ желілеріндегі жоспарлы жұмыстар туралы хабарламалар алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ виртуалды көмекші мен адал тұтынушыларға арналған ынталандыру жүйесі — бонустар мен кэшбэк түрінде енгізу жоспарлануда.

    ҚР Энергетика министрлігі халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және газбен жабдықтау саласындағы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық бастамаларды қолдайды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.