Следите за новостями

Цифра дня

2 трлн тг. — оборот по казахстанским платежным картам за рубежом за январь—май 2025 года

    Қазақстанның әскери қызметшілеріне арналған е-Gov цифрлық порталының аналогы әзірленді

    Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.

    25 июля 2025 10:30, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Көзделген мақсат — eGov.kz порталына ұқсас электрондық сервистердің заманауи, ыңғайлы және ашық жүйесін құру. Платформада әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды. Мұнда қызмет, жеңілдіктер, іссапарлар мен демалыстар туралы барлық ақпарат қолжетімді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

    Сондай ақ спикер Jauynger.gov.kz қызметы туралы айтты. Платформаның көмегімен келісімшарттық қызметке қабылдау едәуір жеңілдейді.

    «Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерге жұмысқа орналасу процесін жеңілдету үшін түрлі ақпараттық жүйелермен 10-нан астам интеграция жүзеге асырылды. Қызметті осы күзде іске қосу жоспарда бар. Сервисті енгізу келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Дархан Ахмедиев.

    Спикер отандық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында Defense Tech кеңсесі іске қосылғанын хабарлады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі IT-компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

    «Осы бағытты дамыту үшін технологиялық конкурс, Defence Tech жобаларының скаутингі, күштік ведомстволарда қолданылуы мүмкін шешімдерді іздеуге арналған хакатондар сияқты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларға қазақстандық компаниялар, инноваторлар, өнертапқыштар, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері қатысты. Үздік жоба әзірлеушілеріне ақшалай сыйақылар мен мүдделі ұйымдармен жобаларды одан әрі іске асыру мүмкіндігі бірілді», — деп толықтырды спикер.

    Сонымен қатар түрлі форумға қатысу ұйымдастырылады, онда технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта қорғаныс технологиялары саласындағы отандық әзірлемелер ұсынылады. Алдағы уақытта IT-компаниялармен бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық нысандарын кеңейту жоспарлануда.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.