Следите за новостями

Цифра дня

85% — доля безналичных платежей в РК

    Skills Enbek платформасында 247 мыңнан астам қазақстандық оқытылды

    Оқудан өткен 39,4 мың жұмыссыз азаматтың 10,4 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының және Шымкент қаланың жастары.

    4 июня 2025 13:36, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    2025 жылдың басынан бері 247,6 мың азамат, оның ішінде 39,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. платформада барлығы 791,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 292,6 мыңы — 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 658,5 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

    Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-н астам курс жариялады, оның 332-ы тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

    Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

    Мамыр айындағы ең көп сұранысқа ие курстар — «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Построение отдела продаж в отеле», «Motion design» және «Страховой агент».

    Платформада білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

    Бұдан бұрын хабарлағандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс — қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.