Следите за новостями

Цифра дня

747,5 млн долларов — рынок MedTech в Казахстане

    ҚР Оқу-ағарту министрлігі: мектептерде 1700-ге жуық заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды

    2024 жылдың басынан бастап елімізде 400 мыңға жуық жаңа оқушы орны құрылды.

    19 мая 2025 15:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің саны 3 есеге қысқарды. Жыл сайын мың ауыл мектебін жаңғырту, қолданыстағы мектептерді күрделі жөндеу және заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілі жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі — баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова хабарлады.

    Оның айтуынша, 967 мектепте рекордтық саны 1700-ге жуық робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды.

    «Келесі кезеңде мектеп инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру көзделіп отыр. Мектептерді реновациялау бағдарламасы аясында 2025 жылы 248 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі», — деді спикер.

    2024–2025 оқу жылының ең басты жетістіктерінің бірі — халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші қазақстандық оқушының елге жүлдемен оралуы. Ұлттық құрама қоржынында — 362 медаль, оның ішінде 41 алтын бар.

    «Бұл — қазақстандық білім сапасының халықаралық деңгейде жоғары бағалануының айқын дәлелі. Биылғы оқу жылында 40%-дан астам оқушы республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік шараларға қатысты. Оның ішінде қазақстандық оқушылар Азия және әлемдік олимпиадаларда білімдерімен ерекше дараланып, беделді марапаттарға ие болды. Олар лингвистикадан — „Ең үздік қатысушы“, физикадан — „Ең үздік қатысушы қыз бала“, химиядан — „Ең үздік практик“, информатикадан — „Ең үздік информатик“ атанды. Химия пәнінен ең беделді халықаралық олимпиадада — екі дүркін, First Global Challenge робототехника чемпионатында — үш дүркін әлем чемпионы атанды», — деді Мереке Нұрмұханова.

    Бұдан бөлек, Қазақстан олимпиада жүлдегерлерін қаржылай ынталандыру жүйесін енгізген. 2024 жылы халықаралық беделді олимпиадаларда топ жарған 26 оқушыға және оларды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы берілді.

    Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азияда жалпы білім сапасын бағалау жөніндегі ұлттық жүйесін халықаралық аккредитациядан өткізген жалғыз ел атанып, қазақстандық білім жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын RCEC сапа белгісіне ие болды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.