Әлемдегі алғашқы мөлдір және сымсыз LG OLED T теледидары Қазақстанда
Тұтынушылар электроникасы саласындағы әлемдік көшбасшы LG Electronics Алматы қаласында әлемдегі алғашқы мөлдір және сымсыз1 LG Signature OLED T теледидарын таныстырды.
Жаңа модель LG компаниясының стратегиялық серіктестері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен пікір көшбасшылары үшін ұйымдастырылған ауқымды инновациялық өнімдер таныстырылымы аясында ұсынылды. Қонақтар LG-дің ең жаңа флагмандық шешімдерін алғашқылардың бірі болып тамашалады, бұл компанияның премиум техника нарығындағы көшбасшы және жаңашыл ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
LG Signature OLED T мөлдір теледидары өзін-өзі жарықтандыратын бірегей экранының арқасында пайдаланушыларға мөлдір және қалыпты режимдер арасында бір батырманың көмегімен оңай ауысуға мүмкіндік береді. Мөлдір режимде OLED T футуристік көру тәжірибесін ұсынып, әлемді жаңаша көруге мүмкіндік береді. Экран ауада қалықтап жүрген бейнелердің иллюзиясын жасап, экрандағы көріністер мен қоршаған кеңістіктің әсерлі үйлесімін қамтамасыз етеді.
Құрылғы халықаралық деңгейде кеңінен танылды — LG Signature OLED T TIME журналының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік өнертабыстары рейтингіне енді, сондай-ақ CES 2024 Innovation Awards аясында бес марапатқа ие болды, оның ішінде ең жоғары санат — Best of Innovation жүлдесі де бар.
«LG компаниясы Қазақстанда 27 жылдан астам уақыт бойы тұтынушыларға өмір сапасын жақсартатын инновациялық шешімдер ұсынып келеді. Бүгінде компания заманауи OLED технологияларын бірегей форм-факторлармен, мөлдір экрандармен және сымсыз шешімдермен біріктіре отырып, технологиялық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтуда. Жаңа OLED T қазақстандық пайдаланушыларға көрудің көпқырлы тәжірибесін және кеңістікті ұйымдастыруда бұрын-соңды болмаған икемділікті ұсынады — бұл мүмкіндіктер басқа теледидар өндірушілерінде жоқ», — деп атап өтті LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының президенті Хак Хён Ким (Hak-hyon Kim).
Таныстырылым аясында ерекше назар OLED evo теледидарларына аударылды — бұл премиум санатындағы теледидарлар сегментінде 12 жыл қатарынан2 көшбасшы деп танылған модельдер. Жоғары жарықтылығы, қара түстің тереңдігі және заманауи процессорларының арқасында OLED evo теледидарлары бейнені көрсету сапасының эталоны болып қала береді.
Бұдан бөлек, will.i.am-мен бірлесе әзірленген жаңа XBOOM аудиоқұрылғылары таныстырылды. Танымал музыкант LG бренді үшін «Пайдаланушы тәжірибесінің сәулетшісі» ретінде тағайындалған. Бұл бастама LG компаниясының тек қана техника өндірумен шектелмей, мәдени үрдістерді қалыптастыруға және күнделікті өмірге жаңа мағына енгізуге ұмтылысын көрсетеді. will.i.am өзі реттеген XBOOM құрылғыларына ерекше дыбыс сипаттамасы тән — жылы, жанды әрі үйлесімді дыбыс профилі. Дизайны will.i.am-нің поп-мәдениет саласындағы көпжылдық тәжірибесінен және аудиториямен резонанс тудыратын құндылықтарды терең түсінуінен шабыт алған.
Таныстырылымның ресми бөлігі аяқталған соң қонақтар жаңа өнімдерді сынап көріп, олардың функционалдығы мен дизайнын бағалауға, сондай-ақ компания өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында LG брендінің Қазақстандағы дамуына елеулі үлес қосқан серіктестер компания тарапынан марапатталды.
Іс-шара LG компаниясының премиум сегменттегі көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан нарығындағы ұстанымын технологиялық инновациялар, стратегиялық серіктестіктер және брендті ілгерілетудегі креативті тәсілдер арқылы нығайта беруге ниетті екенін айқын көрсетті.